Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Попурри казахских народных песен - Роза Рымбаева


С этим треком так же слушают:

Bigbang — Blue
04:00

Исполнитель Роза Рымбаева

Альбом Вечная весна

Год 2007

Прослушиваний 7238

Текст песни

\"Попурри казахских народных песен\"

1. Жаз күніндей назың қайда
Неге жаным мұңайдың

Мен сүйетін әзіл қайда
Жадыратшы шырайлым

Қайырмасы:
Жаралғандай сағыныштан
Қайда сенің жақсы әнің
Жүрегімді жарып ұшқан
Дауысыңды аңсадым

Көрмегелі айлар өтті
Жұлдыз бардым, ай бардым
Ерке назың қайда кеткен
Қабағыңнан айналдым

Қайырмасы:
Жаралғандай сағыныштан
Қайда сенің жақсы әнің
Жүрегімді жарып ұшқан
Дауысыңды аңсадым

2. Сапар шексем алысқа
Сен жанымнан қалмайсын
Қиындыққа қалыспай
Қиялымды жалғайсын
Мол бақыттын жайында
Сырласумен айта алдық
Қарағай мен қайындай
Қатар тұрып жайқалдық

Сәулем сәулем сәулем
Кір шалмаған арымсын
Сезімдегі жалыңсын,
Басымдағы бағымсын.
Домбырамның үні сен
Жүрегімнін жыры сен
Жанарымнын нұры сен

Көзің сенің мөлдір көл,
Тымық күйде жолықтым.
Шарасынан сол бір көл,
Төгілер деп қорықтым...
Жаз орнатқан жаныма,
Сәулем - сұлу сезімсің.
Жарық күнді сыйлаған,
Жанарым да өзіңсің.

Сәулем сәулем сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалыңсың,
Басымдағы бағымсың.
Домбырамның үні сен
Жүрегімнін жыры сен
Жанарымнын нұры сен

3. Келші, келші бермен келші құдаша
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса
\"Кетші әрі\" деп ұрса ма деп зәрем жоқ
Не де болса келіп кетші оңаша

Дедім дағы қысып қалдым көзімді
Жерге тастап кете ме деп сөзімді
Лүпілдеген жас жүректе зәре жоқ
Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді

4. Жаз күнінде жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан
Бәрінен де сен сұлу.

Тәрбиелі, тамаша
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса
Талай абзал бар сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан
Бәрінен де сен сұлу

5. Кекілі кысқа бозбала, шашы майда
Іздемеген жігітке қыздар қайда
Оймақ ауыз, күлім қоз, құралай қас
Кездестірмеді өзіңмен осындайда

Қызыл кұмда ауылым, қыз бозбала сауығым
Өзіңменен ойнамай басылмайды дауылым
Жігіт кызға кұмар-ай, қыз да мойнын бұрады-ай
Біліп қойса шешесі, сарт еткізіп ұрады-ай

Полный текст песни
Роза Рымбаева — Попурри казахских народных песен

Тексты всех песен артиста

Комментировать