Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Махамбет жыры - Алашұлы тобы


С этим треком так же слушают:

Исполнитель Алашұлы тобы

Прослушиваний 24872

Текст песни

Мен - мен едім мен едім-ау!
Мен нарында жүргенде
Еңіре жүрген ер едім.
Исатайдың барында-оу

Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазакпен тең едім.
Өздеріңд-ау хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазым көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім!
Еділдің бойы-ау ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханшасын
Қатын етсем деп едім.

Ау,қызғыш құс-ау,қызғыш құс-ау,
Қанатың қатты, мойының бос.
Исатайдан айырылып
Жалғыздықпен болдың дос!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Махамбет!

Мен - мен едім мен едім!
Мен нарында жүргенде
Еңіре жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазакпен тең едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл да сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Хан баласы ақсүйек -
Ежелден табан андысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежілгі дұшпан ел болмаса,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек -
Байеке сұлтан сен болсаң,
Сен қоспақтың баласы
Оңаша жерде кезексең,
Қайратын алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Қылқаның кетер демес ем.

Еңселігі екелі егіз қоян жегелі
Жараған деген мүжелі
Жаурын жазақ мойны ұзын
Оққа атарға қолы ұзын
Дұшпанына келгенде,
Татымай күлер асылып
Құла бір сұлу ат мінген.

Жауды көріп қуанған
Өтемістің баласы,
Махамбет атты батырмын,
Махамбет атты батырмын,
МАХАМБЕТ!

Полный текст песни
Алашұлы тобы — Махамбет жыры

Тексты всех песен артиста

Комментировать