Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Скачать Балаға өсиет - Терме

Исполнитель Терме

Прослушиваний 245249

Текст песни

Бұл жалған қайтіп келмейді ай
Өгіз бір аттай желмейді ай
Тарылып мына ту тыныс
Айлады тілмен көбейді ай

Науқасым жаман қарағым
Демедің мені өлмейді ай
Баяғыдай дәрмен жоқ
Сөйлеуге шамам келмейді ай
Баласы түзу ата ана
Жаман болсын демейді ай
Бірлігің болсын қарағым
Бірліксіз тірлік өнбейді ай
Айналдырған бауырым
Ажал жетсе не шара
Аман қылсын сендерді ай
Қысылып шыққан қаңтардан
Бір шыбықсыз талдайсың
Қанатың әлі қатпаған
Сары ауыз балапандайсың
Он төртке жаңа толсаңда ай
Жанботам маған нардайсың
Білмесең өзің қарағым
Білгеннің тілін алғайсың
Басыңа қиын күн туса
Жанашыр таппай зарлайсың
Тыңдап ал балам ақылды ей
Одан жаман болмайсың

Ата ананың қадірін балалы болсаң білерсің
Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің
Жамандық қылсаң жақынға ай
Көрісе алмай жүрерсің
Ерінен безген сәулетті ай
Жапанда жалғыз түнерсің
Тісі шыққан балаға ай
Шайнап бір берген ас болмас
Басыңа түссе көрерсің

Сыйлап жүр әрбір пендені
Жете біл балам қарқына
Көтеріп жүр кеудеңді ай
Көп үшінде шалқыма
Гүл болсада қанша білемін
Бас ие жүр халқыңа
Қос інің бар қарағым
Қарайлап жүр артыңа
Тигізбессің тіліңді ей
Әкең менің атыма ай
Бөлінгенді бөрі жейді- деген бір қазақ сөзі бар
Сырттай саған білдірмей аңдыған дұшпан көзі бар
Әрбір істің қарағым өз жөніменен жолы бар
Жаласы да тағаның итте бір күнін көре алалар
Адам бол енді жан балам адам болам тілімді ал
Бай болсаң балам тасыма
Кедей болсаң жасыма
Нелер келіп не кетпес ай ержігіттің басына
Қанағыт қыл тауба деп алдыңдағы асыңа
Тыңдап ал балам ақылды ой көп болмаспын қасыңда
Болған іске болаттай бол деп еді анам жасымда
Деп кейін айтып жүрерсің ақылың болса басыңда ай
Келгенше балам қолыңнан жақсылығыңды асырғын
Сөз ермесін соңыңнан жамандығыңды жасырғын
Ұрлықпен жалған өтірік болмаған қақ кәсібің
Болмашыға кетірме қадірін жап жас басыңның
Ел іші алтын бесік қой таусылмас балам нәсібің
Баласы еді өсірген дегізбе қандай кәпірдің
Адам бол енді жан балам сыйласаң ағын шашымның
Қолыңды сұқсаң сұраусыз егесіз жатқан бұйымға
Басыңнан балам арылмас ай кез боларсың қиынға
Жаман атың бір шықса қадірің қалмас ұйымға
Алалалмайсың айырбастап дүниенің құнына
Болмашыға еліктеп кесірге жаным ұрынба
Тер төгіп тапқан дүниеңді ей шашпағын бекер шығынға
Ішімде кетті ау арманым дүниенің білдім жалғанын
Көре алмай қызықтарыңды ай арманда кетіп барамын
Осы үйдің ошақ мал жанын аманат қылып ал жаным
Сөндірмес балам отыңды ай ақылды болса алғаның
Жаста болса жан балам өзіңе арттым салмағын
Шамаң келсе жылына ай бір малды құрбан шал жаным
Келмесе шамаң қысылмай разы болсын аруағым
Көрерсің балам кезінде ей тағдырдың басқа жазғанын
Айтқанымды ұмытпай адам бол қалайда
Дүние іздеп құнықпай есіңде болсын жарайма
ілінбесең қырсыққа ай жетерсің балам талайға
Жақсы жаман ел жұртқа қарайлап өс маңайға
Күлкі қылма шешеңді

Полный текст песни
Терме — Балаға өсиет

Тексты всех песен артиста

Комментировать