Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Байқоңыр - Торегали Тореали

Торегали Тореали

С этим треком так же слушают:

Исполнитель Торегали Тореали

Альбом Ұлы дала баласы

Прослушиваний 68665

Текст песни

Әлемге аты әйгілі,
Көгінде күлген ай-күні,
Тамсанып таңдай қаққан бар ғалам.
Асқақтап тұрған айбыны,

Қазақтың сенсің байлығы,
Аспан мен жер арасын жалғаған.

Бақ беріп Алла бармақтай
Ғарышкер Тоқтар, Талғатай
Өзіңнен ұшты қазақ алыбы.
Ұлы өлкем менің, ұлы анам,
Ұшырып алғаш зымыран,
Қазақстанды әлем таныды.
Қайырмасы:
Байқоңырым, елім менің еңселі,
Жүрегіммен сүйемін мен сені.
Байқоңырды «Жер кіндігі» деуші еді,
Бүкіл әлем құрметтесін сені!

Бойында аққан Дариясы,
Дана ғой – абыз, қариясы,
Жұрты бар жақсы-жайсаң, жайдары.
Анасың маған, сен – Отан,
Ұшырған мені – Төретам,
Қасиетті Қармақшы аймағы.

Тілегімдесің туған ел,
Жүрегімдесің туған жер,
Түспесін көктен қазақ байрағы.
Шаһарым сенсің шаттанар,
Өзіңмен қазақ мақтанар,
Жасай бер мәңгі ғарыш айлағы.
Қайырмасы:
Байқоңырым, елім менің еңселі,
Жүрегіммен сүйемін мен сені.
Байқоңырды «Жер кіндігі» деуші еді,
Бүкіл әлем құрметтесін сені!

Полный текст песни
Торегали Тореали — Байқоңыр

Тексты всех песен артиста

Комментировать