Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Скачать Дүние-ай - Терме

Терме

Исполнитель Терме

Прослушиваний 177902

Текст песни

Баспадым жардың шетін құлай ма деп
Ішпедім арықтан сулай ма деп
Қорқамын дос болуға жаманменен
Тар жерде ертоқынын сурай ма деп


Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем

Жақсылар жақсымын деп айталмайды
Жамандар жақсымын деп айқалайды
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп
Таулардың биіктігі байқалмайды

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем

Өмірден (ұн алмасын мендігіңмен)
Атыңды байлармысың белдігіңмен
Аяқта аяқ киім тар болса
Не пайда дүниенің кендігінен

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем

Ағаштың көзі қара көміріңдей
Мылтықтың бойы түзү теміріңдей
Өткізген жаксыменен жарты сағат
Жаманың өтіп кеткен өміріндей

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем

Жолықсан біздің жақтын тентегіне
Өмірдің өкінбейдау келтегіне
Ұйдегі жалғыс атын сойп беріп
Жүгенін ұстап қалады ертегіне

Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Хәләуләйлем, хәләуләйлем

Полный текст песни
Терме — Дүние-ай

Тексты всех песен артиста

Комментировать