Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Қу Арақ - Диета.kz


С этим треком так же слушают:

Исполнитель Диета.kz

Прослушиваний 15200

Текст песни

О қу арақ, берекемді берекемді кетірдің
Сені ішіп алып өкірдік
Тегіс жолда кейде түзу, кейду түзу жүре алмай
Қарсы алдымда жар болса да, жар болып жардан секірдім

Қарсы алдымда жар болса да, жар болса да секірдім

Саған сыра ішкен сайын, ішкен сайын тоймадым
Ай арақ-ай, қалтамдатып қалтамдатып қоймадың
Тойып алып өнерімді, өнерімді көрсеттіп
Көрінгеннің есігінде, есігінде ойнадым
Көрінгеннің есігінде, есігінде ойнадым

Ей қу арақ, ой қу арақ
Ей қу арақ, ой қу арақ
Көрінгеннің есігінде, есігінде ойнадым

Талмауырдай түгел жамап, түгел жамап барымды
Рақымсыз судай төктім, судай төктім арымды
Бас ауыртып, у жайлатып, у жайлатып денеме
Дел-сал еттің қырнап ішек, қырнап ішек қарынды
Дел-сал еттің қырнап ішек, қырнап ішек қарынды

Сен дегенде араным да, араным да ашылды
Бар тапқаным берекесіз, берекесіз шашылды
Жанұяма жексұрындай, жексұрындай көрініп
Абыройым аяқ асты, аяқ асты басылды
Абыройым аяқ асты, аяқ асты басылды

Ей қу арақ, ой қу арақ
Ей қу арақ, ой қу арақ
Көрінгеннің есігінде, есігінде ойнадым

Өзімді өзім жындыларша, жындыларша қинаттым
Соры болдым ситаңдаған, ситаңдаған сирақтың
Кесе-шәйнек былай тұрсын, былай тұрсын талқандап
Талай асыл бұйымдарды, бұйымдарды қираттым
Талай асыл бұйымдарды, бұйымдарды қираттым

Тұрақталмай қызметтен де, қызметтен де қуылдым
Балшыққа аулап, лай суға, лай суға жуындым
Төбелесіп қанжауса болып, қанжауса болып әркімнен
Талай мәрте кендір жіппен, кендір жіппен буылдым
Талай мәрте кендір жіппен, кендір жіппен буылдым

Ей қу арақ, ой қу арақ
Ей қу арақ, ой қу арақ
Көрінгеннің есігінде, есігінде ойнадым

Тым болмаса жақпай жұртқа, жақпай жұртқа бір ісім
Міне енді жексұрын боп, жексұрын боп жүрісім
Таусыларма айта берсе, айта берсе ыланой
Мұндай болса арак бетің, арақ бетің құрысын
Мұндай болса арак бетің, арақ бетің құрысын

Полный текст песни
Диета.kz — Қу Арақ

Тексты всех песен артиста

Комментировать