Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Жанбырлы түн (ft. Жанар Дугалова) - Нурболат Абдуллин

Pop

С этим треком так же слушают:

Исполнитель Нурболат Абдуллин

Прослушиваний 52669

Текст песни

1. Караңғы түн екеумізде, екеумізде бір шырақ

Бір шырақтан келе жаттық нұр сұрап.

Қол ұстатып кетті өмір, кетті өмір біздерді

Қиын жылдар қиясында бір сынап.

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр

Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр

Махаббаттың сөнбесін деп жалыны

Шатыр болып менің жаным суда тұр.

2. Боранды түн екеумізде, екеумізде бір үміт

Бір үмітке жүрегіміз жылынып.

Қалқа болып тұрдым саған, тұрдым саған махаббат

Қалмасын деп ақ боранға ұрынып.

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр

Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр

Махаббаттың сөнбесін деп жалыны

Шатыр болып менің жаным суда тұр.

3. Жұлдызды түн екеумізде, екеумізде бір арман

Бір арманға телміреміз мұнардан.

Көк жиектен шолпан туды, шолпан туды бір кезде

Сен де тұрдың карсы алдымда гул алған.

Жаңбырлы түн, екеумізде бір шатыр

Бір шатырда қосып тұрдық сырға сыр

Махаббаттың сөнбесін деп жалыны

Шатыр болып менің жаным суда тұр.

Полный текст песни
Нурболат Абдуллин — Жанбырлы түн (ft. Жанар Дугалова)

Тексты всех песен артиста

Комментировать