Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Сүгірдің термесі - Галымжан Жолдасбай


С этим треком так же слушают:

Исполнитель Галымжан Жолдасбай

Прослушиваний 4850

Текст песни

Ауылға Сүгір келді-деп,
Ордасын да талай сайлаған.
Сары самаурын, ақ құман ей,
Кең дастархан жайнаған.

Ағалары елдің аман бол!
Жеңгелерімде бар еді,
Келді ме деп жыршылар,
Ботадай көздері жайнаған.
Тал шыбықтай бұралған,
Маржандай тістері құралған,
Мырза қайным келді деп,
Шыға да алмаған құмардан.

Келіндерімде бар еді,
Қайнаға келді дегенде.
Реңін қалай көрем деп,
Алыстан тұрып болжаған,
Сығалап талай қимаған.
Құрбыларым да бар еді,
Қона кетші құрдас деп.
Талай жанды қимаған,
Сызылып талай сыйлаған.
Інілерім де бар еді,
Сүгірдей ағам келді деп.
Ат шаптырып айқайлап,
Хабар да салған еліме.

Тарақатқан менің даңқымды,
Мәжілісте байтақ жеріме.
Біз жүре беріппіз жігіттер,
Адайдың берген желіне.
Қыздарым да бар еді,
Шай құйып беріп атамның.
Батихасын алам деп,
Саусақтары майысқан.
Қабырғасы оу қайысқан,
Алты қанат-ай ақ орда!
Біздерде кеттік - ай аман бол!
Айырылып қалып-ай барасың,
Шабысы жүйрік арыстан.

Полный текст песни
Галымжан Жолдасбай — Сүгірдің термесі

Тексты всех песен артиста

Комментировать