Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Екіге - QaraKesek

QaraKesek

С этим треком так же слушают:

Исполнитель QaraKesek

Альбом Аспан

Прослушиваний 21120

Текст песни

Көзің көзіме жете алмай ма,
Сезім бойыңнан кете алмай ма?
Сенің ойларың біте алмай ма,
Түсінем, ұмыту оңай ма.


Ұмыту қиын болады алайда,
Ұмытасың бірақ қалай да.
Біз жоқпыз кешегі мекен-жайда,
Сен қайдасың, мен қайда?

Қайырмасы:
Көңіл құлай ма, ішің жылай ма,
Ішің сұрай ма деп мені қайда?
Жүрсің бе төсіп күйде мұңайған,
Өкпелеп өткен күн-айға.
Кеттің бе бойлап ең терең ойға,
Тек қателеспе, дұрысын ойла!
Біздерге тағдыр екі жол қойған,
Өмір – ойын, жатыр бізбен ойнап.

Түндер түнегімен қайтадан келеді,
Қайта әкеледі сен үшін.
Сенің жылағаның, түсінбейм, кім үшін,
Жылап тарылуда тағы тынысың.
Бізді қазір бөліп тұрғаны – екі әлем,
Біздің қазір бір болғанымызға жоқ дәлел.
Өткен шақтан бізге келмеді сәлем,
Болашақтан келмейтініңді білем.
Дәл қазір сенің ойлағаның келмейді,
Дәл қазір сенің сұрағаның берілмейді.
Кеше жүру керек еді көкіректі кермей,
Білем, енді көкірегің ешқашан керілмейді.
Неге батып кетті біздің кеме,
Қосылмады екі дене?
«Бәріне кінәлі – сен» деме,
Жоқ, сен үндеме.
Көзіңе жас келсе де, жылама,
Көңіл түсіп төмен құлама.
Мен емес бақытыңды тауып беретін,
Жоқ, менен сұрама.
Біздің жол – екі, біздің қол – екі,
Бірікпейді екен, бірікпейді,
Көңіл бөлек, өмір бөлек,
Жүрек жетім.

Қайырмасы:
Көңіл құлай ма, ішің жылай ма,
Ішің сұрай ма деп мені қайда?
Жүрсің бе төсіп күйде мұңайған,
Өкпелеп өткен күн-айға.
Кеттің бе бойлап ең терең ойға,
Тек қателеспе, дұрысын ойла!
Біздерге тағдыр екі жол қойған,
Өмір – ойын, жатыр бізбен ойнап.

Полный текст песни
QaraKesek — Екіге

Тексты всех песен артиста

Комментировать