Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Жаздан Кейін (ft. Sabr) - QaraKesek


С этим треком так же слушают:

Исполнитель QaraKesek

Альбом Аспан

Прослушиваний 38241

Текст песни

Қайырмасы:
Жаздан кейін қара күз келер,
Қайран өмір солай өзгерер.
Біреулер келіп, кетіп өзгелер,

Ай-ай-ай-ай-ай-ай...
Жаздан кейін дене салқындап,
Жан тұрғандай келіп алқымға.
Айырбастай алмайтын алтынға,
Эй, өмір-ай...

QARAKESEK:
Мен сондай нашар адамға айналып барам,
Жалығып айналадан қысылды санам.
Болашақ десе, өткенге қарап қалам,
Кешірші, ана, бұл – сенің балаң.
Сағынып өмірден өткен ағамды,
Жаспен жуып жан жарамды.
Өмірге ызаланып қарады
Жасқа толы жанарым.
Шын қуанып күле алмай тірі күнімде
Жүрген жанмын сыр айтып түніме.
Кеше көңіл жаз, бүгін – күз,
Кеше бақытты жан бүгін көңілсіз.

Қайырмасы:
Жаздан кейін қара күз келер,
Қайран өмір солай өзгерер.
Біреулер келіп, кетіп өзгелер,
Ай-ай-ай-ай-ай-ай...
Жаздан кейін дене салқындап,
Жан тұрғандай келіп алқымға.
Айырбастай алмайтын алтынға,
Эй, өмір-ай...

Қайырмасы:
Жаздан кейін қара күз келер,
Қайран өмір солай өзгерер.
Біреулер келіп, кетіп өзгелер,
Ай-ай-ай-ай-ай-ай...
Жаздан кейін дене салқындап,
Жан тұрғандай келіп алқымға.
Айырбастай алмайтын алтынға,
Эй, өмір-ай...

Сенің демің таусылар деп ойламаған едім мен,
Бейқам жүре беріппін алабұртқан көңілмен.
Мен келгенде жаз келгендей жадыраушы едің сен,
Тасып аққан тас бұлақтай мен де мәз болып қалатын ем.
Осы жерде арқалап жүрмесем де көп міндет,
Сұраушы едің көрген сайын «Неге жүдеп кеттің?» деп.
Күлуші едім «Денім сау» деп, «Ұйқым тыныш» деуші едім,
Көңіліңді көтеріп бір қояйын деп мен сенің.
«Шашың сиреп қалыпты» деп сипаушы едің басымды,
Келмесе деп отырушы ең ылғи менің жасымды.
Түн болғанда күзетуге құмар едің ұйқымды,
Мен демалсам рақаттанып демалушы ең біртүрлі.
Ойлаушы едің бауырымның ұйқысы мәңгі шала деп,
Ойлаушы едің бауырыңды әлі кіттәй бала деп.
Оятушы ең еркелетіп, сен оятпай тұрмаушы едім,
Кіші болып туғанымды жалғыз саған бұлдаушы ем.
Содан кейін «Тойып ал» деп тықпалаушы едің барыңды,
Аяп маған қараушы едің аш жүргендей кәдімгі.
Сол махаббат жатыр үнсіз мәңгі ұйқыға шомғандай,
Бұл өмірде болмағандай, жаңа ғана болғандай.
Бағынбайтын бауырыңды бағындырдың бұл жолы,
Жалынбайтын бауырыңды жалындырдың бұл жолы.
Саған айтар алғысымды көз жасыма билетіп,
Мен отырмын жалғыздыққа өз-өзімді үйретіп.
Сен қиналып өстің қуансын деп жалғыз інім,
Менің жолымды тостың, мен едім бар қызығың.
Таптым ба керегіңді, болдым ба ақтан айқын,
Мен саған той едім бір әйтеуір тарқамайтын.
Соғылды кемең келіп ажалдың зор тасына,
Сол тойдың басын көріп, жетпедің ортасына...
Жаратқан жарылқасын, аға!

Қайырмасы:
Жаздан кейін қара күз келер,
Қайран өмір солай өзгерер.
Біреулер келіп, кетіп өзгелер,
Ай-ай-ай-ай-ай-ай...
Жаздан кейін дене салқындап,
Жан тұрғандай келіп алқымға.
Айырбастай алмайтын алтынға,
Эй, өмір-ай...

Полный текст песни
QaraKesek — Жаздан Кейін (ft. Sabr)

Тексты всех песен артиста

Комментировать