Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Скачать ЕС - QaraKesek

QaraKesek
QaraKesek — ЕС
03:37

Исполнитель QaraKesek

Прослушиваний 14211

Текст песни

«Кешір» дегеннен басқа айтар сөз қалмады саған,
Кешір, менде ой жоқ, өткенді қозғама тағы!
Ия, мен кезінде кешігіп қалған адаммын қолдарыңа,
Адасып жолдарымнан, қазір жан-тəнім дос болып алды сол жағыма.

Алдыңда ақталып сөйлейтін сөз жоқ, ақталалмайм,
Мен сені ойлағым келмейді, бірақ əлі келемін мидан аттай алмай.
Миым жүрегіме қарама-қарсы, ішімде гүрілдеген соғыс,
Бітпейтін ойлар жиналып сасыды, миымда қоқыс.
«Мені ойлайтын шығарсың» деп мынаның есі ауысқан,
Сөйлей бергесін ойыма келгенді алыстан.
Ия, менің есім ауысты, жақын көрем алысты, бəлкім адасып кеттім ұзаққа,
Бəлкім есімді жинайм, өртеніп тозақта!

Ия, менің шынымен есім ауысқан, ия, менің шынымен есім алыста,
Бұл жақтан, бұл шақтан, қолымнан ұста.
Бірге барамыз Тəңірге, ол өте жақын тұста,
Уақыт жеткізеді бізді, ұшып, ұшып өте жылдам құстай. (Деп едім кезінде, ал қазір шынымен)

Ия, менің шынымен есім ауысқан, ия, менің есім,
Ия, менің шынымен есім ауысқан, тиді екен неден кесір?
Мен болсам төзіміңді тауысқан, кешір,
Ия, менің шынымен есім ауысқан, сен жатқанда оның қасында киіміңді шешіп! Сауысқан!

Кешір, қатты кетсем тағы,
«Мазаңды алам» деген ой болмады, жаным.
Жоғалтып алған бағым, əйтеуір жақсыма хəлің,
Əйтеуір тыныш па жаның, əйтеуір таптың ба мəнің?
Бұл жалғанның, бар ма əйтеуір əлің,
Өмір сүруге, ойнап күлуге əлі?

Ия, мен өткен шақпен ауыратын ауру,
Ия, менің істерім өз-өзіме қару.
Іштей өліп мың рет, түнекке ауып,
Басым ауған жаққа жүгірем, көзімді жауып.

Соқыр емес бірақ соқыр кейіптегі адам,
Тура жолдан тайып кетті қадамдары.
Дұрыстан басым бұрыс амалдары,
Шайтанның торына камалып қалдым.

Түн батса болды көзім қызарады, өңім бозарады,
Тілім ұзарады, ми қозғалады.
Миым қозғала сала сені, оны ойлайды,
Ойдың тереңіне бойлайм тағы.

Өткен өмір мен шегіп тастаған темекі секілді тек қана күлі қалды!

Полный текст песни
QaraKesek — ЕС

Тексты всех песен артиста

Комментировать