Вход Регистрация

Закрыть

Скачать 5 күндiк жалған (ft. Azat, BaGi) - BALLER


С этим треком так же слушают:

Исполнитель BALLER

Прослушиваний 7191

Текст песни

Бұл өмір саған жарық, ал маған – қараңғы,
Түрлі құбылыстар өзгертеді адамды.
Көрмедім жарықты, маған асы бітпеді,
Дені сау адамдар шүкіршілік білмеді.

Дегенмен өмір сүрем, бұл менің тағдырым,
Алдамшы күлкі астында көз жасты жасырдым.
Кеудемде үміт бар сәулесі еш сөнбейтін,
Мүмкіндік болса ғой қолдан бәрін жөндейтін.
Әке-шешем шет елге ұшырмады деп жылайсың,
Мен үшін үлкен қайғы осы деп санайсың.
Таңдайсың тағамдарды, киім, автокөліктерді,
Ал мені жан анамның құшағы тербетеді.
Маған сенім береді үлкен қадам аттауға,
Қандай ақың бар сенің өзгені балағаттауға.
Ауызы қисық болса да, бай сөйлетті баласын,
Жоғалған ақиқатты қайдан іздеп табасың?

Қайырмасы:
Өмірдің өрнегімен өтуде жалған күндер,
Ұмтылып жақсылыққа, ниеттен сендерге.
Тазарып жамандықтан, ілгері қадам басып,
Қарайық кең әлемге, жабылған көздер – ашық.

Өзгеге өлім тілеме, өзіңе өмір тіле,
Дұшпаныңмен бас қосып, досыңа күлме.
Қызықпа билікке, жасыл қағазға құмарланба,
Бес уақытты намазды оқып тұру қиын ба?
Миыңа бұйрық бер тезірек оянсын деп,
Немесе өміріңді қараңғылық жұтып кетеді.
Сүттен ақ, судан таза болмасам да,
Менің де кішкене ақым бар шындықты айтуға.
Мойындаймын, ұмыттым “Жұма намаз” дегенді,
Аз емес уақыт өтті мешітті көрмегелі.
Қолымдағы жасыл жазу өмірлік дақ боп қалды,
Ана өмірде не күтіп тұрғаны қорқытады.
Аз емес күнә істедім, істедім жаман қылықты,
Шылым шектім жастайымнан түтіндетіп өмірді.
Көрінбе көзіме, көзімді бояу сайқал қыздар,
Қазағымның аруларын ібіліс қашан босатар?

Қайырмасы:
Өмірдің өрнегімен өтуде жалған күндер,
Ұмтылып жақсылыққа, ниеттен сендерге.
Тазарып жамандықтан, ілгері қадам басып,
Қарайық кең әлемге, жабылған көздер – ашық.

Полный текст песни
BALLER — 5 күндiк жалған (ft. Azat, BaGi)

Тексты всех песен артиста

Комментировать