Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Белгiсiз жан - Орда тобы


С этим треком так же слушают:

Исполнитель Орда тобы

Прослушиваний 40565

Текст песни

Қиналдым, қоштасқанда, жанарымды
Мұң шалды-ау, сол бір сәтте қабағымды
Түбінен жүрегімнің тулап шығып
Бір өксік жұлмалады тамағымды

Қарақат көздеріңе қарай бердім
Қызығы сол ма дедім дүниенің
Күйдіріg көлеңкеде өзегімді
Махаббат неге сонша ыстық едің?

Қайырмасы:
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы – Сен,
Жарқ етіп, жоқ болдың ғой қас қағымда,
Жарқыраған, өзіңді қалай табам?
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған, белгісіз жан.

Бақтарды сен екеуміз аралаған
Ұзатып тастап кеттің неге маған
Жыл құсы секілденіп жылда ұшқан
Жете алмай қала бердім жаным саған
Сәулесі айдың түсіп аймалаған
Көзіңді қарағым-ау қайдан табам
Сүйгеннің сүйіктісі болатындай
Бақытқа ие болар қандай адам

Полный текст песни
Орда тобы — Белгiсiз жан

Тексты всех песен артиста

Комментировать