Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Ауылды ұмытып кетпеңдер - Саят Медеуов

Pop

С этим треком так же слушают:

Исполнитель Саят Медеуов

Прослушиваний 2995

Текст песни

Балалық шағыңның бал күйін шерткен жер
Бауырлар ауылды ұмытып кетпеңдер
Сол жерде әкеңмен анашың төккен тер
Сол термен көктемде құлпырған көк белдер


Қайырмасы
Бәріңде туған ауыл бар
Ауылда жайсаң қауым бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл елге барыңдар

Сарпылып сабырың таусылып төзімдер
Қаланың шуынан шаршаған кезіңде
Ауылға жол тартсаң нұр ойнап көзіңде
Бөленіп кетесің ерекше сезімге

Қайырмасы
Бәріңде туған ауыл бар
Ауылда жайсаң қауым бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл елге барыңдар

Ауылда атаң бар ауызы дуалы
Әжең бар күн сынды мейірі шуағы
Әкеңмен анаң бар жаныңның шырағы
Келер деп жол жаққа елеңдеп тұрады

Қайырмасы
Бәріңде туған ауыл бар
Ауылда жайсаң қауым бар
Өздерің туып өскен
Кір жуып кіндік кескен
Ауылды ұмытпай бауырлар
Бір мезгіл елге барыңдар

Полный текст песни
Саят Медеуов — Ауылды ұмытып кетпеңдер

Тексты всех песен артиста

Комментировать