Вход Регистрация

Закрыть

Скачать Аке туралы жыр - Гүхнур Оразымбетова


Исполнитель Гүхнур Оразымбетова

Прослушиваний 13405

Текст песни

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы, қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?!

Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын,
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын!
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын!

Полный текст песни
Гүхнур Оразымбетова — Аке туралы жыр

Тексты всех песен артиста

Комментировать