Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сен дедім

1.Ажарыңда, жанарыңда, Айдың сыры бар білем. Жамалыңда, самалыңда, Жаздың сыры бар білем. Қиялдарда, қиялдауда, Мен балқыймын қайықтай. Сен деп тұратын, сан ойлардан мен, Жүрем аңсап қамықпай. Қайырмасы: Сен дедім мен, сен дедім, Сен болмасаң кім дедім. 2рет. Сезімдерде гүлдей бүр жарған, Сені-ғана іздедім. 2.Көңілінде, өмірінде, Гүлдің сыры бар білем. Жүрегінде, күлгенінде, Күннің сыры бар білем. Жалындаған, махаббаттан. Сезім тасып өзімде-ай. Сен өмірдегі, күнімсің аппақ, Аяулы арман досым-ай. Қайырмасы: Сен дедім мен, сен дедім, Сен болмасаң кім дедім. 2рет. Сезімдерде гүлдей бүр жарған, Сені-ғана іздедім.


Комментировать