Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Жоқ, жаным сені ұмыта алмаймын

Жүрегімде ерте ашылған
Махабаттың гүлісің бе сен
Кірпігіме келіп асылған
Көздерімнің мұңысын ба сен
Сенің ғана бағың болам деп
Сөздеріңе сендірген едің
Неге енді ұмыт бәрін деп
Үмітімді сөндіре бердің

Қайырмасы:
Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын,
Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын
Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ
Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ

Қалай ғана ұмытайын мен
Өзіңменен өткен күндерді
Бал шырына қадалмай қалған
Сол ғажайып айлы түндерді..

Тым болмаса түсіме енші
Жұбатайын өзіңді бір сәт
Елесім боп қасыма келші
Соның өзі мен үшін бір бақ
Қолым жетпей сенің шашыңа
Шаштарыңның иісін сағындым
Күлімсіреп тұрып қасымда
Еркелегеніңді сағындым

Қайырмасы:
Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын,
Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын
Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ
Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ

Қалай ғана ұмытайын мен
Өзіңменен өткен күндерді
Бал шырына қадалмай қалған
Сол ғажайып айлы түндерді..


Комментировать