Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сыр елім

Ырысың қайнап, күрішің жайнап,
Жатырсың жайлап, Сыр елі.
Оранған гүлге, сенімен бірге,
Соғады бірге жүрегім.
Туған жер менің тірегім.

Қайырмасы:
Алтын бесік деп білемін,
Тектілік тұнған түбегім.
Жыр-әннің елі, Тұранның төрі
Жасай бер, жайна, Сыр елі!

Тереңөзегім, Жалағаш елім
Қазалы, Арал – ардағым.
Байқоңыр керім, Қармақшым менің
Шиелі, Жаңақорғаным.
Ажары Қызылорданың.

Гүлзарлы өлкем, қыздары көркем,
Ерлері елдің ағасы.
Тамыры терең, тарихы келең
Жыр қонған Сырдың даласы.
Алаштың сенсің анасы!


Комментировать