Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ағайын

\"Ағайын\"

Осы келген жасымда біразды көріп келемін
Керегінді теріп ал азырақ сойлеп берейін
Көп ішінде мен көрдім жақсы да жаман аралас
Жақсының барған жеріне жамандар жетіп баралмас
Жақсыларды мен көрдім жамандармен шамалас
Өр көкірек көр соқыр озғандарды көралмас
Заты да болса бейшара қатарғып өзін санайды
Қолына аздап мал бітсе менсінбей жұртқа қарайды
Іс түскенде басына қарасатын ағайын
Ұзақ кетсен алысқа пал ашатын ағайын
Жетпей тұрған жеріңді жеткізетін ағайын
Талабына биіктен ой тастайтын ағайын
Қуаныш пен қайғыңды бөлісетін ағайын
Сәл нәрсеге ренжіп келісетін ағайын
Барың менен жоғыңды жоқтайтын да ағайын
Әкесі үлкен шешеңді боқтайтын да ағайын
Жас кезіңнен сырыңды білетін де ағайын
Сүренгіенде бірінші күлетін де ағайын
Озғанынды көреалмай күңдейтін де ағайын
Азғыңдасан тіл алмай жөндейтін де ағайын
Жік-жік етіп ұрпақты бөлетін де ағайын
Өле қалсан жабылып көметін де ағайын
Ағайыннан ажырап қайда барып оңайын


Комментировать