Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Арман шағала

Жоғалтып алдым, жүзден күлкіні
Жолықтырғалы, өмір бір күні
Ұмытып қалдым, тыныш ұйқыны
Таныстырғалы тағдыр бір күні

Қ-сы:
Ақ қанаты сынған, арман шағала
Қанатын қағалмай, қалған жағада
Көнем бәріне, дейді бірақта
Жалған дүние, оны жылатпа

Тағы бір көктем, өтті дегізді
Жапырақтары, күлдей жел үзді
Өткенді ойлай, тұрмын жағада
Қанаты сынған, арман шағала

Қ-сы:
Ақ қанаты сынған, арман шағала
Қанатын қағалмай, қалған жағада
Көнем бәріне, дейді бірақта
Жалған дүние, оны жылатпа


Комментировать