Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Асыл құрбым

Күн шағылар ажарың ақ күмістей
Сұлу болса сүйген жар Ақжүңістей
Еркелігі ер мінез, ер қылығы
Болса ғажап, пах шіркін, таңғы түстей

Қайырмасы:

Жолын сілтеп жіберші, асыл құрбым
Ауылыңның-ай, астыңда жасыл қырдың
Сүйіншіге өлең, ән жазып жүрмін
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің

Бір сен үшін мен дағы аянбайын
Сұлу болса сүйген жар Баяндайын
Құшағыңда арманым не ондай жардың
Ұйықтап мәңгі кетсем де оянбайын

Жолын сілтеп жіберші, асыл құрбым
Ауылыңның-ай, астыңда жасыл қырдың
Сүйіншіге өлең, ән жазып жүрмін
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің

Сені іздедім Торғайдан, Аралдан да
Қорлан өскен соғамын Маралдыға
Шыға келер екенсің қай арадан
Жарық жұлдыз секілді таң алдында

Жолын сілтеп жіберші, асыл құрбым
Ауылыңның-ай, астыңда жасыл қырдың
Сүйіншіге өлең, ән жазып жүрмін
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің

Жолын сілтеп жіберші, асыл құрбым
Ауылыңның-ай, астыңда жасыл қырдың
Сүйіншіге өлең, ән жазып жүрмін
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің
Жүр екенсің қай жерде, жүр екенсің


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать