Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Кешiр Менi

Кешір мені, мен қателестім.

Есіме аламын, жаным, сенің сұлу бейнеңді,
Есіме аламын, жаным, сол бір жүрген күндерді.
Бірге өткен түндерді, мойындаймын, сағындым,
Жалғыздықтан жалықтым, жаныма серік болды қайғы-мұң.
«Боламыз мәңгілік» деп уәде берген едім,
Уәдемде тұра алмадым, сен де маған сенген едің.
Қателестім, білемін, ақталмаймын «ақпын» деп,
Енді міне жазудамын шимақтап парақ бетін.
Сұраймын кешірім, кешір мені, жаным,
Жаныңда бола алмадым, бола алмадым бағың.
Мүмкін болса, қайта келсең, жаным, бірге болайық,
Сені сүйем, сен де мені әлі сүйсең, бір болайық.
Жүректі қинамайық, қайта басынан бастайық,
Жаным-ау, сенші маған, кетпеймін жолдан тайып.
Білемін, менде айып, кешіре алсаң, кешір мені,
Мүмкін болса, келші, қатты сағындым сені.

Қ-сы: (х2)
Кешір мені, мен қателестім,
Кешір мені, мен қателікке ілестім.
Жүрекпен үндестім, үнсіз тілдесіп,
Мен қателестім, жоқ екен теңдесің.

Жүрегіңе жара салдым, сезіміңді алдадым,
Әлі менің есімде сенің жұмсақ қолдарың.
Қайта ұстасам қолыңды, болмас еді арманым,
Сен болмасаң, қалай болады күндерім алдағы.
Кінәладым айыбыңды бармай жатып өзіңді,
Сенен алыс алдым сенен алып сезімімді.
Жылаған көзіңді сүртпедім, қарамадым,
Қазір енді тек қана өкінудемін алдана.
Қызғанамын әлі күнге, болмасақ та бірге біз,
Сені сүймейтін болсам, болар ма едім сезімсіз?
Мүмкін емес сенсіз менің бақытты болуым,
Тек қана өзіңсің жүрегімнің жылуы.
Кешір мені, мен қателестім, мойындаймын,
Өзіңсіз бұл дүииеде жалғыздан жалғыз қалғандаймын.
Сен үшін уайымдаймын, қайда болсаң да, аман бол,
Кешір мені, жаным, болар мүмкін жолымыз бір жол.

Қ-сы: (х2)
Кешір мені, мен қателестім,
Кешір мені, мен қателікке ілестім.
Жүрекпен үндестім, үнсіз тілдесіп,
Мен қателестім, жоқ екен теңдесің.

Мен қателестім, жоқ екен теңдесің.
Кешір мені, мен қателестім.


Комментировать