Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ауылым 2013

Сөзі Ж. Бейсеновтікі, әні Т. Базарбаевтікі Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым. Шабытымның асқары, Самғаушы еді ауылым. Қ а й ы р м а с ы: Жастығымның күәсі, Шұрқыраған ауылым. Жусаны мен жуасы, Бұрқыраған ауылым. 2 рет Биік-биік шың, құзға, Құмар қылған ауылым. Бүлдіршіндей бір қызға, Сыңар қылған ауылым. Қ а й ы р м а с ы: Әнмен таңды атырып, Ән салдырған ауылым. Сары қымыз сапырып, Тамсандырған ауылым. 2 рет Көк түтінді шұбатып, Желек созған ауылым. Ай көрмесем құмартып, Жүрек қозған ауылым. Қ а й ы р м а с ы: Көк торғындай көктемде, Сағым қуған ауылым. Алыс сапар шеккенде, Сағындырған ауылым. 2 рет


Комментировать