Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ауылым

Кіндігімнің жас қаны тамған жерім ауылым,
Шабытымның асқары самғаушы едім ауылым.
Жастығымның куәсі шұрқыраған ауылым,
Жусаны мен жуасы бұрқыраған ауылым.

Биік биік шың құзға құмар қылған ауылым,
Бүлдіршіндей бір қызға сыңар қылған ауылым.
Ән таңды атырып ән салдырған ауылым,
Сары қымыз сапырып тамсандырған ауылым.

Көк түтүндей шұбатып ширек созған ауылым,
Ай көрмесем құмар кып жүрек қозған ауылым.
Көк торғындай көктемде сағым қуған ауылым,
Алыс сапар шеккенде сағындырған ауылым.


Комментировать