Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Шал ақынның термесi

Дүниенің мысалы ей ұшып өткен құспен тең
Өмірден көрген жақсылығың ұйықтап өткен түспен тең
Атадан мирас ақылың түсік айтқан мақұлың мілəзің болған іспен тең
Үлкеннен көрген зорлығың жаманнан көрген қорлығың
Ойлап тұрсаң боз бала туғаннан көрген күшпен тең
Ағайының көп болса ай
Бірлігі оның бек болса ай
Жамандық жер кез болса бір біріне кез болса
Бүтін тұрған бұзылмай өзегі тіспен тең
Айдынды жақсы аймен тең
Жомарт жігіт баймен тең
Шешен жігіт дүрмен тең
Ақылы жоқ наданда іс бітірмес жамандар жүзде де болса бірмен тең
Ұстаздан сабақ алсаңыз
Алуан шекер балмен тең
Саясы жоқ бəйтерек тазға біткен талмен тең
Жаман туса балаңыз бұғып өскен тазбен тең қайғы ойлаған жігіттің кең дүниесі тармен тең
Уайымшыл адамның алды тұйық жармен тең
Жетесіз боз бала ай тоқсандағы шалмен тең
Жақсының айтқан ақылы қазулы сара жолмен тең
Жаманға айтқан ақылың ағып кеткен селмен тең
Қас жаманың орны бар кезекте болса күрмен тең
Жомарттық қылған жігіттің ықыласын байқасың толқып тұрған тоқынмен тең
Алғаның жаман жолықса ай
Жамандығын білдірер ер қадірін білдірер өзі боз балай
Маңдайға біткен сормен тең


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать