Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Әкеге арнау

\"Акеге арнау\"

Құшағыңда саялайын,
Бар жақсымды аямайын.
Мені қалай әлдилесең
Сені солай аялайын.
Ата қыран қырағысың,
Ұлы дала ұланысың.
Әнімменен жеткізейін
Ұрпағыңның мың алғысын

Қайырмасы:
Алтын арай таңым ,әке
Алатаудай бағым ,әке
Шырылдайсың мен қиналсам
Жаным әке,жаным әке
Ұл -қызыңның қабыл алшы
Ақ тілекті әнін әке

Әке сенің дара тұлғаң,
Ар-намыстан жаратылған.
Менің өмір жолдарымда,
Демеп келдің қанатымнан
Жанұям деп жанасың сен
Ұран болып барасың сен
Жердің беті үлгі тұтқан
Бар қазаққа ағасың сен

Қайырмасы:
Алтын арай таңым ,әке
Алатаудай бағым ,әке
Шырылдайсың мен қиналсам
Жаным әке,жаным әке
Ұл -қызыңның қабыл алшы
Ақ тілекті әнін әке


Комментировать