Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Бөтен қыз

Сырымды кімге айтамын
Мұңымды кімге айтамын
Сен жүрген үйдің ауласын
Сығалай күнде қайтамын

Аңсаумен сені өтерміз
Бақытқа бәлкім жетерміз
Кездеспей кеттік бекер біз
Ауылға келген бөтен қыз

Жеткізе алмай хатымды
Күнімді күтумен батырдым
Жеңгеңнен сұрап білдім мен
Бөтен қыз сенің атыңды

Сен жаққа әркез алаңдай
Барайын десем бара алмай
Көшеңнен күнде өтемін
Кездесуге амал таба алмай


Комментировать