Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Келші жаным

1.Сағыныштан алаулайды от кеудем
Түндерім-ай көз ілместен өткерген
Арамызды алыстатқан тағдыр-ай
Қинамашы жүрегімді жоқ деумен

Естей алмай жаным сенің даусыңды
Төзімім де, тағатымда таусылды
Ең болмаса тыңдап кетші бір келіп
Махаббаттан дертке айналған жан сырды

қайырмасы

Келші жаным, сенші жаным
Махаббатты мендегі көрші жалын
Келші жаным, сенші жаным
Махаббатты мендегі көрші жалын

2.Мөлдіреген сенің мойыл көздерің
Жанарынан қызғанамын өзгенің
Сезімімді сөндіре алмай өртенген
Жалғыздықтың азабына төзбедім

қайырмасы

Келші жаным, сенші жаным
Махаббатты мендегі көрші жалын
Келші жаным, сенші жаным
Махаббатты мендегі көрші жалын


Комментировать