Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Айсұлу

\"Айсулу\"

Өзіңмен таң атырсам да сені іздеймін,
Кешті бірге батырсам да сені іздеймін.
Дидарыңа тоймай қарап жылу сезініп,
Көз алдымда отырсаң да сені іздеймін.

Қайырмасы:
Аяулы қымбаттым Айсұлу,
Жаным деп тіл қаттың Айсұлу.
Сарғайтып сан күйге түсірген,
Шешуі жұмбақтың, Айсұлу.

Жазғырасың кейде әлсіз балалығыңмен,
Мәз қыласың кейде ерекше даралығыңмен.
Неткен жансың мені ессіз құштарландырған,
Әр сәт сайын қызықтырған жаңалығыңмен.

Қайырмасы:
Аяулы қымбаттым Айсұлу,
Жаным деп тіл қаттың Айсұлу.
Сарғайтып сан күйге түсірген,
Шешуі жұмбақтың, Айсұлу.


Комментировать