Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ағама

1.Аға едің көңілі жарқырап,
Адалдығымен арқырап.
Інім деп құшақ жайғанда,
Қабағың неткен жарқын-ақ.
Таласып ақ сүт ембей-ақ,
Бір үйден өсіп өнбей -ақ.
Жанашыр болып кеттік-ау,
Бауырым болсын сендей ақ.
Қайырмасы:
Менің ағам керемет,
Бұдан артық не керек,
Қамқоршымыз болып жүр,
Нұрын себелеп.
Жеңешемді сыйлаған,
Өзі жұртқа сыйлы адам.
Ағам барда алдымда,
Неге қиналам.

2.Асыңды менсіз татпадын,
Мен келмей жайлы жатпадын.
Іні боп жүрмін атырып,
Ағалығының ақ таның.
Кіші деп қағып жасқамай,
Жаныңнан жүрсің тастамай.
Еңірегенсің інім деп,
Кеңейсінді деп бастамай.
Қайырмасы:
Менің ағам керемет,
Бұдан артық не керек,
Қамқоршымыз болып жүр,
Нұрын себелеп.
Жеңешемді сыйлаған,
Өзі жұртқа сыйлы адам.
Ағам барда алдымда,
Неге қиналам.

3.Бір шығып белес, белеңге,
Келемін мінген кемемде.
Босайды-ау жаным елжіреп,
Ұл қызым ағау дегенде.
Ағамның алтын көшімін,
Мәңгіге бауыр досымын.
Сыйласу үшін екі адам,
Бір тусын деген бос ұғым.
Қайырмасы:
Менің ағам керемет,
Бұдан артық не керек,
Қамқоршымыз болып жүр,
Нұрын себелеп.
Жеңешемді сыйлаған,
Өзі жұртқа сыйлы адам.
Ағам барда алдымда,
Неге қиналам.


Комментировать