Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сендік сезім қандай

Арың барда қардай,
Бағың барда таудай.
«Сағынбайсың» дейсің,
Сағынғанда қандай.

Бекер қайғы жейсің,
Бізбен елге бармай.
«Іздемейсің» дейсің,
Іздегенде қандай!

Жүзің аппақ қардай,
Көзің нұрлы шамдай.
«Шын сүймедің» дейсің,
Шын сүйгенде қандай.

Жүргеніңмен шалғай,
Екі ауылды жалғай.
«Аңсамадың» дейсің,
Аңсағанда қандай!

Сенсіз ұйқым қанбай,
Жүрмін күндей жанбай.
«Ойламайсың» дейсің,
Ойлағанда қандай!

Сенсіз мазам болмай,
Жүрсің қолға қонбай.
Мендік сезім сондай,
Сендік сезім қандай?


Комментировать