Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Жұмадан қалма

Ақыретінді ойласаң жұмадан қалма
Қасиетін айт жұманынң сұраған жанға
Қу дүниеге құл болып кетуден сені
Құлшылық қана құтқанар мына жалғанда
Ақыретінді ойласаң жұмадан қалма

Үмітің болса жұмақтан жұмадан қалма
Өткінші өмір өйткені сынақ адамға
Намазын қорған болды ең алдыменен
Мәңгүр мен мүмгір қабірде сұрақ аларда
Үмітің болса жұмақтан жұмадан қалма

Қиямет күнде сөз таппай тұра қалғанда
Рақым күтсең Алладан жұмадан қалма
Ертегі емес ешқандай ертеңін үшін
Тұра жол көрстіп тұр ғой Құран адамға
Рақым күтсең Алладан жұмадан қалма

Өлгенге емес арналған тірі адамдарға
Құранға күмән келтіріп күнәға барма
Алла алдында бәрі де жауап береді
Бай мен кедей де надан мен ғұмалар да
Құранға күмән келтіріп күнәға барма

Жан қиналғанда су таппай сұрап аларға
Тозақтың қорқсаң отынан жұмадан қалма
Тіршілігінде өткізсең құлшылықпен
Жұмақтың нағыз төріңе шығарады Алла
Тозақтың қорқсаң отынан жұмадан қалма

Өмір мен өлім алмасқан мына заманда
Өлместің тапқан дәрісін тапқан бір адам барма
Бес уақыт намазынның қайнар бұлағы
Жұмадан қалма бауырлар жұмадан қалма
Жұмадан қалма бауырлар жұмадан қалма

Ақыретінді ойласаң жұмадан қалма
Үмітің болса жұмақтан жұмадан қалма
Рақым күтсең Алладан жұмадан қалма
Тозақтың қорқсаң отынан жұмадан қалма
Жұмадан қалма бауырлар жұмадан қалма


Комментировать