Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сүй, жаным

1.Ардағым менің арнадым саған жырымды,
Көркемім менің көрмедім сендей сұлуды
Болайын сенің бақытың үшін мен құрбан
Сөзіңмен емес көзіңмен айтшы сырыңды
Қ:Сы:
Өзіңдей қыздың дидарын
Көргенім үшін ризамын
Ерніңмен емес сен мені
Жүрегіңменен сүй жаным.

2.Жанымның сырын жанардан тамған жас білер
Өмірім кино берілген саған басты рөл
Тағдырым менің тамашасыз боп қалмасын
Көзіңмен емес көңіліңменен жақсы көр
Қ:Сы
Өзіңдей қыздың дидарын
Көргенім үшін ризамын
Ерніңмен емес сен мені
Жүрегіңменен сүй жаным.


Комментировать