Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Өзіңдей ешкім жоқ, жаным, мен үшін

Мен саған барамын кеш батқан кезде,
Жібермейді апам дейсің сен мүлде.
Тым болмаса, жаным, телефоныңды ал,
Телефоның шырылдайды шылдыр-шылдыр,
Домбырамның үні ұқсап күмбір-күмбір.

Далаға қарашы, қандай тамаша?
Кездесейік, жаным, келші оңаша.
Сезімнің жырларын бірге шертейік,
Тұншықпасын кеудемізде бір сыр, бір сыр,
Соқсын бірге жүрегіміз дүрсіл-дүрсіл.

Өзіңдей ешкім жоқ, жаным, мен үшін,
Сағынып өртенген жанымды түсін!
Сенде ғой гүлдегі әсем бір мүсін,
Кездесуге келші, жаным, мен үшін.

Сен күлсең бақта гүл бүршік жарғандай,
Қарай бергім келед(і) көзімді алмай.
Елітіп жанымды баурап алдың сен,
Енді сені ойлай берем күнде-түнде,
Нұр бейнейді ұқсатамын нәзік гүлге.

Біраз болды агентке кірмей қойдың сен,
Ғаламтордан сені іздеп жүрмін мен.
Шынымен алыстап кеттің бе менен?
Сағындым ғой сенің жазған сөздеріңді,
Тұнып тұрған мөлдір қара көздеріңді.

Өзіңдей ешкім жоқ, жаным, мен үшін,
Сағынып өртенген жанымды түсін!
Сенде ғой гүлдегі әсем бір мүсін,
Кездесуге келші, жаным, мен үшін.

Өзіңдей ешкім жоқ, жаным, мен үшін,
Сағынып өртенген жанымды түсін!
Сенде ғой гүлдегі әсем бір мүсін,
Кездесуге келші, жаным, мен үшін.

Өзіңдей ешкім жоқ, жаным, мен үшін,
Сағынып өртенген жанымды түсін!
Сенде ғой гүлдегі әсем бір мүсін,
Кездесуге келші, жаным, мен үшін.


Комментировать