Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қолыңды бер

\"Қолыңды бер\"

Бал бақытты бағым қайда аңсаған
Бақыт жауған шағымды іздеп жар салам
Күн өтуде өткен сайын тамсанам
Жиі арнаймын сүйіктім-ау ән саған
Сен оянсан оянады бақ та күн
Алтынымның тәтті түсін сақтайтын
Сені сүйем бәрі аян аппақ шың
Қолыңды бер ботақаным тәп-тәттім

қайырмасы:
Қолыңды бер қиял баққа апарайын
Бір бақыттың иесі боп атанайын
Қолыңды бер самғап ұшып жетелейін
Сезім шыңға көтерейін тәп-тәттім
Жаныма кел арманымнан арылайын
Қасымда да сені іздеп сағынайын
Жаныма кел бар мұңынды ұқсатайын
Жиі-жиі құштарлана құшақтайын тәттім

Таңдайына бұлақ судан ән тұңған
Сендік жүрек биіктерге талпынған
Бұзышықта айдын мұз салқыннан
Құшақташы мені келіп алдымнан
Сенің даусын маралым сүйкімдім
Сылқым күштің биігісін сиқырлым
Куәгері жүректегі кейпіннің
Қолыңды бер балапаным сүйкімдім

қайырмасы:
Қолыңды бер қиял баққа апарайын
Бір бақыттың иесі боп атанайын
Қолыңды бер самғап ұшып жетелейін
Сезім шыңға көтерейін тәп-тәттім
Жаныма кел арманымнан арылайын
Қасымда да сені іздеп сағынайын
Жаныма кел бар мұңынды ұқсатайын
Жиі-жиі құштарлана құшақтайын тәттім


Комментировать