Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Тәубеңе кел

Таудан биік секілденіп талғамың
Ардан биік секілденіп арманың
Пенделік пен ұмытасың тәубеңді-ай
Сынағына-ай шыдай алмай Алланың

Ай мен күнге өптірдің шекеңді
Көрмедің деп өкпелейсің шетелді
Тәубеңе кел шетел түгіл зағиптар
Көре алмайды-ау өзі туған мекенді

Қошеметті көрмесеңіз несі бар
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал
Жылы сөзді естімеген кезіңде
Керең болып туғандарды есіңе ал

Тәубеңе кел пенде болсаң несі бар
Сабырсыздар қадірсіз боп тозылар
Дүниеге қолың жетпей қалғанда
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал

Бақыт мәңгі тұрсын десең басымда
Қанағат қыл, ашуланба, тасынба
Көлігім жоқ деп ренжуің бекер
Аяғы жоқ адамдардың қасында

Топ алдында төр қозғың кеп төтеден
Тым болмаса айтпадым деп екі өлең
Ақын болып тумадым деп налисың
Мылқау болып туғаныңда нетер ең

Құлақ түріп әркім айтқан пікірге
Бей берекет бойырасың көпірге
Тау мен тасқа соға берме басыңды
Аман-есен жүргеніңе шүкір де


Комментировать