Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Қазақстан

\"Қазақстан\"

Замандардан залалдардан аман қалған
Өзен көлі орман тауы даламда арман
Сол арманды жеткізем деп туған елге
Бабалардың ар намысы қамал болған
Намыс үшін жан алысып жан беріскен
Батыр болған бабалардың бәрі арыстан
Ғұмырлы елдің қасиетімен бақ ырысы
Жұмыр жердің жұмағы ғой Қазақстан

Қайырмасы:
Мен сені ешкімге бермеймін Қазақстан
Сенбеймін ешкімге көнбеймін Қазақстан
Сен барда ешқашан өлмеймін Қазақстан
Өлмеймін ешқашан сөнбеймін Қазақстан

Дәуірлерден дәуір көшіп дәурен келді
Сол дәуренім толқытардай тау мен көлді
Есіл заман есесіне ерлер берді
Ертегідей жасау үшін ел мен жерді
Жаңа өмірдің алтын күнін жаңа құшқан
Алтын қыран аспанында дара ұшқан
Абыройы асқақтаған азаттықпен
Мәңгілік ел мекені ғой Қазақстан

Қайырмасы:
Мен сені ешкімге бермеймін Қазақстан
Сенбеймін ешкімге көнбеймін Қазақстан
Сен барда ешқашан өлмеймін Қазақстан
Өлмеймін ешқашан сөнбеймін Қазақстан

Дос боп келсең төрім дайын
Қас боп келсең көрім дайын
Жерімді басып тұрып елімді сыйла
Көзіңді ашып тұрып көңілімді сыйла
Елімнің киесі бар жерімнің иесі бар

Қайырмасы:
Мен сені ешкімге бермеймін Қазақстан
Сенбеймін ешкімге көнбеймін Қазақстан
Сен барда ешқашан өлмеймін Қазақстан
Өлмеймін ешқашан сөнбеймін Қазақстан


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать