Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Әкешім анам

Ең қымбат, ең ардақтым,
Әкешім-анашым.
Сендерсіз келер бақтың
Білмедім бағасын.
Артса да жасымаған,
Біз үшін тау жүгін.
Жан әкем, асыл анам,
Қымбат қой саулығың.


[Қайырмасы]
Әкешім-анам, тау тұлғаң,
Айнытпас адал қалпымнан.
Тамшыдай теңіздегі,
Ақ бата, лебіздерің
Бағалы бізге алтыннан.


Жыр айтып сіздер үшін,
Ұл-қызың салады ән.
Өмірге келгені үшін
Қарыздар әр адам.
Ата-анам - жұмақ бағым,
Жүрсеңдер жанымда.
Сөнбейді-ау шырақтарың
Перзентің барында.


[Қайырмасы]
Әкешім-анам, тау тұлғаң,
Айнытпас адал қалпымнан.
Тамшыдай теңіздегі,
Ақ бата, лебіздерің
Бағалы бізге алтыннан.
Анашым, әкем тағдырдан,
Біз үшін көнген бар мұңға.
Тал бесік тербетсек те,
Бойжетіп, ержетсек те,
Сәбиміз мәңгі алдыңда.


Комментировать