Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Жүрегімді махаббатым өртесін

Жүрегіме сұлу сезім екенсің
Сағынышым самал болып жеткенсін
Қоңыр күзде жүрегімді бүр жарған
Бақытымсың, көктемсің
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір
Періштемсің жүрегіме төккен нұр
Жүрегімнің ғашық үнін жеткізер
Бір өзіңе ұсынамын көктемді-ей
Махаббаттың күй әуенін шертесің
Ән әлемге бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді махаббатың өртесін.

Сағынышым аппақ күнім әлемім
Сен жеткізер жауһар жүрек әлемі
Жәудіреген жанарың мен жаныңды
Баурап алған әдетің
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір
Періштемсің жүрегіме төккен нұр
Жүрегімнің ғашық үнін жеткізер
Бір өзіңе ұсынамын көктемді-ей
Махаббаттың күй әуенін шертесің
Ән әлемге бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді махаббатың өртесін.

Көңілімде күмбірлетіп күй түрлі
Ұрлап алдың әс күлкім мен ұйқымды
Бар әлемнің қызғалдағын жайсаңда
Сендей болмас сүйкімді
Махаббаттың күй әуенін шертесің
Ән әлемге бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді махаббатың өртесін.


Комментировать