Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Көріктім

Ай нұрындай шуақты
Көздерің күн ұнатты
Сыңғыр күлкі сылдырап
Елестетер бұлақты
Елестетер бұлақты

[Қайырмасы:]
Көріктім-ау көріктім
Айдай сұлу көріктім
Сұлулығын әлемнің
Көздеріңнен көріппін
Көздеріңнен көріппін

Жаны тұнық аралдай
Тербеп жанды самалдай
Күлім деген көздерің
Жылап тұрған жанардай
Жылап тұрған жанардай

[Қайырмасы:]
Көріктім-ау көріктім
Айдай сұлу көріктім
Сұлулығын әлемнің
Көздеріңнен көріппін
Көздеріңнен көріппін

Күн келбетің келіскен
Тамсандым мен тек іштен
Алтын арай ай мүсін
Көктен түскен періштем
Көктен түскен періштем

[Қайырмасы:]
Көріктім-ау көріктім
Айдай сұлу көріктім
Сұлулығын әлемнің
Көздеріңнен көріппін
Көздеріңнен көріппін


Комментировать