Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Елге арнау (ft. Мақпал Жүнісова)

Мақпал :
Назы сырлы, сазы мұңды ерке болсам да
Төменде қап талай,талай - төрге қонсам да
Бірге шаттанамын
Бірге бақ табамын Қазағыммен мен қашанда

Қайрат :
Баласымын жайсаң елдің жомарт мен де осы
Жүрегімен шырқап салған əсем əн - досы
Арманға қол созып
Атым шапса озып
Ол да осы ел арқасы

Қайырмасы :
Жайнаған гүліміз өнердің
Сайраған үніміз өнердің
Сенің арқаң сүйікті ел
Жарқыраса биіктен
Жұлдызымыз, ұл қызымыз тек елдің

Қайрат:
Ел ұнатқан жері ұнатқан мақпал дауысын
Бұлбұл құстай тамылжытқан сайрап бақ ішін
Саз үнімен тербеп
Сізді білем жан деп
Жаратылған шырқау үшін

Мақпал :
Төгіп тəтті əн əн деп соққан асау жүрегің
Сен де өнерден қайраттанған жанның бірі едің
Еркелетсін елің
Ақ болсын деп жолың
Жаратқаннан мен тіледім

Қайырмасы :
Жайнаған гүліміз өнердің
Сайраған үніміз өнердің
Сенің арқаң сүйікті ел
Жарқыраса биіктен
Жұлдызымыз, ұл қызымыз тек елдің


Комментировать