Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қыз қиялы

Өмір жайлы салсам ән
Ақ пен қара кезекте
Жолдарының жолағы
Әрбір жанның аңсаған
Жүрегінде жасырған
Армандары болады талай
Шалқиды күй әнім
Қанатты қиялым
Бойыма қуат береді
Табылса жол сыры
Бір сәтке болса да
Арманыма қолымды жеткізгім келеді

Қайырмасы:
Гүлдей жайнап тұрғым келеді
Күндей жайнап күлгім келеді
Самал жел боп байтақ даламда
Еркін ойнап жүргім келеді
Аппақ қар боп жауғым келеді
Құс болып ән салғым келеді
Аспандағы айға еркелеп
Жұлдыз болып жанғым келеді
Армандарым шіркін, болса мүмкін
Орындалса, қиялымның барі бір күн

Жылдар өтер кезекпен
Ертеңіме жол ашқан
Өмірімнің шаттығы
Сырлар ұшқан өзектен
Әуеніммен жарасқан
Көңілімнің аққуы талмай
Бауырмал ел іші
Өнердің кен іші
Аялап мені тербейді
Тартуы тағдырдың
Ғажайып әрбір күн
Арманымның лаулаған жалыны сөнбейді


Комментировать