Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Бақыт құсым

Жүрегімде
Жанартаудай арманым бар,
Әр сәулесін
Алтындаған таңдарым бар.
Арманым-ау,
Әлде адасып қалдым ба,
Бір келетін,
Бір көретін
Бақытымның алдында?

Қайырмасы:
Бақыт құсын көрмедім бе,
Сен мені іздеп келмедің бе,
Болмадың ғой гүл алаңында
Сұрағанымда.
Сен тұрушы-ең қоштасарда қия алмай,
Мен тұрушы-ем ем сүйгім келіп сүйе алмай
Саған деген
Пәк сезімім
Жүрегіме сыя алмай
Саған деген
Пәк сезімім
Жүрегіме сыя алмай

Жылдар өтер
Қасқа судың ағысындай.
Кетпе тағдыр
Бақытымды тағы ұсынбай.
Гүлдей нәзік
Көңілімнің пернесін
Ақ махаббат
Сенің ғана
Ақ қанатың тербесін.


Комментировать