Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ана мен сәби

Өмірге сәби келді ақ періште іңгәлаған,
Иіскеп емер енең мейірленген туған анаң.
Қайырмасы:
Періште сәби құлыным,
Мен үшін бүгін ұлы күн.
Қабылдап ана жылуын, аман бол.
Тағдырдың көрме тарлығын,
Алдыңда нелер бар күнім.
Мойныңа алып бар жүгін, адам бол.

Аттама адалдықтың ақ жолынан балапаным,
Деп анаң кірпік қақпай атқызатын ала таңын.
Қайырмасы:
Періште сәби құлыным,
Мен үшін бүгін ұлы күн.
Қабылдап ана жылуын, аман бол.
Тағдырдың көрме тарлығын,
Алдыңда нелер бар күнім.
Мойныңа алып бар жүгін, адам бол.


Комментировать