Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сәуле ғұмыр (ft. Гүлхая Жуашбаева)

\"Сәуле ғұмыр\"

Түн бесігі әлдилеп, кеудемді күй-ән билеп
Менің қарап жанымнан тұр ғой таң сөйлеп
Көңілімді көп арман жас төгемін жанардан
Бақыт нұрын іздеймін мына ғаламнан

Тербетемін әлемді
Серік етіп әуенді
Менің сәуле ғұмырым
Ай-жұлдызға тәуелді (2x)

Мөлдір моншақ тағынған, жарық көрдім жаныңнан
Көктем сазын естідім гүлді бағыңнан
Күннің көзі жүрегім, ысырар бұлт түнегін
Жыламайды жаңбырдай үміт тілегім

Ғашық жансың өмірде
Қарсы жүзген өріне
Сенің сәуле ғұмырың
Жарқырайды көгіңде (2x)

Ән шырағы сөнбейді
Рухтың дертін емдейді
Біздің ғұмыр сәулелі
Көретін күнгейді

Соқсаң да ол желмейді
Өнер мәңгі гүлдейді
Ғұмырымыз сәулелі
Көлеңкені көрмейді


Комментировать