Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Аяулы менің Отаным (ft. Әл-Фараби Бекарысұлы)

Жанардың отты жарқылындасың,
Көгімде мәңгі маздар күн.
Шағалалардың шаңқылындасың,
Қаңқылындасың қаздардың.

[Қайырмасы]
Саусағындасың күйші біткеннің,
Аңсауындасың құрбымның.
Шалғайындасың бишы көктемнің,
Таңдайындасың бұлбұлдың.
Саусағындасың күйші біткеннің,
Аңсауындасың құрбымның.
Шалғайындасың бишы көктемнің,
Таңдайындасың бұлбұлдың.

Құрышы қанбас құлақтардасың,
Құрақтардасың ән шерткен.
Дауыстап жатқан бұлақтардасың,
Алқынып келем аңсап мен.

[Қайырмасы]
Саусағындасың күйші біткеннің,
Аңсауындасың құрбымның.
Шалғайындасың бишы көктемнің,
Таңдайындасың бұлбұлдың.
Саусағындасың күйші біткеннің,
Аңсауындасың құрбымның.
Шалғайындасың бишы көктемнің,
Таңдайындасың бұлбұлдың.

Қызғалдақ қамал қырларымдасың,
Сырларындасың атаның.
Әнімнің барлық ырғағындасың ,
Аяулы менің отаным.

[Қайырмасы]
Саусағындасың күйші біткеннің,
Аңсауындасың құрбымның.
Шалғайындасың бишы көктемнің,
Таңдайындасың бұлбұлдың.
Саусағындасың күйші біткеннің,
Аңсауындасың құрбымның.
Шалғайындасың бишы көктемнің,
Таңдайындасың бұлбұлдың.


Комментировать