Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Тәуелсіз қазақ қызымын

1. Шаттанып күлгенім
Мақтанып жүргенім
Егемен елімнің жеңісі
Ғаламды білгенім
Жақсы өмір сүргенім
Кең байтақ жерімнің жемісі

Қазағым елбасы байлығым
Жасай бер асқақта айбыным

ҚАЙЫРМАСЫ: 2 рет

Тәуелсіз қазақтың қызымын
Әлия Мәншүктің ізімін
Көк туы жайнаған
Бұлбұлы сайраған
Туған ел бітпесін қызығың, қызығың, қызығың

2. Намысын бермеген
Жасқанып көрмеген
Алашқа арқамды сүйедім
Құлашын сермеген
Биікке өрлеген
Арайлы әр таңды сүйемін

Қазағым елбасы байлығым
Жасай бер асқақта айбыным

ҚАЙЫРМАСЫ: 2 рет

Тәуелсіз қазақтың қызымын
Әлия Мәншүктің ізімін
Көк туы жайнаған
Бұлбұлы сайраған
Туған ел бітпесін қызығың, қызығың, қызығың


Комментировать