Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сені-сені

1. Аққудай көлдегі, ақ гүлдей жердегі,
Жанымды баурады, сұлулық сендегі.
Сендей жан көрмедім, өмірге келгелі,
Өмірім өзгерді, өзіңді көргелі.
Қайырмасы:
Сені-сені-сені көргелі, жаным қашан тебіренбеді,
Сені-сені-сені көргелі, сезім тулап маза бермеді.

2. Тәтті арман мендегі, сыңарым сен деді,
Көңілдің көркемі, өмірдің өрнегі.
Еркелеп күлгенің жүректі тербеді,
Өзім де өзгерді, өзіңді көргелі.

Комментировать