Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Мен қазақпын

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Қашан қазақ атандым мен азандап? -
Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.
Есіміме береді бала жасын
Құлпытасты шұқыған кей азамат.

«Ару - жолда, мал - терде, бала - белде»,
Уайым түбі - теңіз ғой, бара берме.
Жігер керек, жыр керек, жалау керек,
Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге.

Қайырмасы:

Бұл кім десен? Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар
Бұл кім десен? Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген
Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар

Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, қырғыз ол - туысқаным,
Бірге тартқан тарланның құйысқанын.
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,
Бөліп берген егізге уыс нанын.

Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Мен - қазақпын, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!


Комментировать