Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Найзағай болып

Жүрегің сонша жалынсыз ба, айнам?
Тұнжырап келдің тағы үнсіз қайдан?
Жеңісі бақыт, жеңіліс қайғы,
Махаббат деген - қарусыз майдан!

Қайырмасы:
Түймедей баққа таңырқай берме,
Инедей мұңды найзадай көріп.
Жауатын бұлттай жабырқай берме,
Жарқ ете қалшы найзағай болып!

Жалғанның жауһар, лағылын сұрап,
Азапқа жүрсің бəрібір шыдап.
Махаббат майдан, жүрек жауынгер,
Жауынгерді көр тағы бір сынап!
Қайырмасы:
Түймедей баққа таңырқай берме,
Инедей мұңды найзадай көріп.
Жауатын бұлттай жабырқай берме,
Жарқ ете қалшы найзағай болып!


Комментировать